Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы

Ынтымақ ауылдық округіндегі Даңқ кешенінде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында ақсақалдар алқасының төрағасы Ж. Дәулетов пен ауыл қариясы А. Әйтімбетов құттықтау сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Әрбір мекеме атынан Даңқ кешеніне гүл шоқтары қойылды. Іс-шара аясында ауылдық Мәдімар мешітінде Құран оқылып, бата берілді. Сонымен қатар, Байзақ ауданының құрметті азаматы, ақын-жазушы Асан Әлмақашұлының «Ауыл айнасы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.