Ынтымақ ауылдық кітапханасында «Жазушымен бір күн» кітапханалық жоба аясында,аудан көлеміндегі жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында, сөз құдіретін серік еткен, жүрек сырын өлеңмен өрнектеген, оқырман көңілінен орын тапқан ауылымыздың тұрғыны ақын, жазушы Байзақ ауданының құрметті азаматы, Асан Әлмақашұлымен “Ақын - елдің ардағы” атты кездесу кеші өтті. Бұл жоба оқырманды тікелей жазушымен жүздестіріп, шығармашылық әлемнің сырын сезінуге мүмкіндік беретін ерекше мәдени – ағартушылық жоба. Ақын –қашанда өз заманының үнін, халықтың мұңын да, қуанышын да жырға қосқан рухани тұлға. Кешке ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Даулетов, Аналар алқасының төрайымы Г.Томанова ауыл тұрғындары С.Шохайбаев, А.Әшекеев, Р.Қосыбаев, Р.Тайшыбекова, ауылдық әкімшіліктің бас маманы А.Іңкәрбек,жастар ісінің нұсқаушысы Қ.Сыдықовалар қатысып ақынға сұрақтар қойылды.Ш.Уәлиханов орта мектебінің 6 сынып оқушылары Орынбай Айару, Байыспай Бибінұр, Сейдуалы Амина, Жапар Ералы, Мейрамалы Заңғар ақынның жыр шумақтарын оқып оқырмандардың ықыласына бөленді.А.Әлмақашұлының “Жыр -жылуы жүректің” Ырысты мекен Ынтымақ, Перзент, Мәдімар болыс ,Қолтаңба, Жолайрық, Дара тұлға, Ауыл айнасы, атты кітаптары жарық көрген. Қазіргі уақытта оқырмандар көзайымына айналуда. Поэзия – жанның сыры, көңілдің айнасы.
Бүгінгі кешіміз – ақынмен жүздесу, сырласу, өлеңмен сусындау кеші болды.