2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету

2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету

Ынтымақ ауылдық округі әкімдігінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Қысқаша сипаттама

Құжаттың толық мәтіні

Құжаттарды жүктеу

Ынтымақ ауылдық округі әкімдігінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

2024 жылдың 12 айында ауылдық округ бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 3 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

 

Оның ішінде:

 

электронды түрде– 0 қызмет

қағаз түрінде– 3 қызмет

2024 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген және мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары

Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппараты, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді аудандық ХҚКО бармай-ақ өз бетінше алу үшін Ынтымақ ауылдық округ әкімдігі ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, ауылдық округ әкімі аппаратынын бір маманына жүктеліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауыл тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде.

Сонымен қатар, Ынтымақ ауылдық округте Ынтымақ кітапханасында өзіне-өзі қызмет көрсету «Цифрландырылған ақпараттық орталықтар» ашылып, ағымдағы жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 823 қызмет көрсетілді. Аталған орталықта жергілікті тұрғындар халыққа көрсетілетін қызметтің 26 түрімен кедергісіз қамтылуда.

 

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жыл бойында 12 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) оған 395 халық қамтылды.

 

Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық материалдар Ынтымақ ауылдық округі әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (facebook, instagram) парақшаларына әртүрлі тақырыптарда 1 мақала жарияланды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.