Шомылу қауіпсіздігі

Шомылу қауіпсіздігі

Ынтымақ ауылдық округі аумағындағы шомылу қауіпсіздігі жөнінде
Жазғы шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ынтымақ ауылдық округінің аумағындағы шомылу орындарында «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгілері орнатылды.
Қауіпсіздік шаралары аясында ауыл тұрғындарына судағы тәртіп ережелері мен қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша тұрақты түрде үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.Сонымен қатар округ аумағындағы бос тұрған үйлер мен ескі ғимараттар, каналдар, бұзақылар жиі жиналатын орындар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін қараусыз қалған нысандар бойынша тізім жаңартылып, олардың меншік иелеріне ескертулер берілді.Аталған аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алдын алу шаралары күшейтіліп, тиісті жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда.