Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу

Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу

Бүгін еліміздің мақтанышы, жерлесіміз Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың туған күніне орай оның рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл қою рәсімі өткізілді.
Ғазиз Байтасов – ерлігі мен батылдығы арқылы ел есінде мәңгі қалған тұлға. Ол Отан алдындағы борышын адал атқарып, халқымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында жанын пида етті. Оның қайсарлығы мен ержүректігі – кейінгі ұрпаққа үлгі, елге қызмет етудің жарқын өнегесі.
Бүгінгі рәсім – батырдың рухына көрсетілген құрмет қана емес, сонымен бірге елге адал қызмет етудің, ерлік пен отансүйгіштіктің маңызын ұрпақ санасына сіңіру. Біз оның есімін әрдайым мақтан тұтып, ерлігін ұмытпаймыз.