
Ауылдық округ әкімі Смағұлов Қанат Ерубайұлы ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында ауыл әкімі Конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталып, оның ел болашағы үшін маңызын түсіндірді. Атап айтқанда, жаңа Конституция жобасы халықтың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, заң үстемдігін нығайтуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталғаны айтылды. Қанат Ерубайұлы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері маңызды екенін айтып, алдағы референдумға атсалысуға шақырды.