Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу

Халық Қаһарманы Ғ.Байтасовты еске алу

Батыр Ғазиз Байтасовтың есімі Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше аталары даусыз. Ол – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында «Халық қаһарманы» атағын алған алғашқы адам.

14 жыл бұрын ержүрек полицей ланкестің жолын кесіп, бейбіт тұрғындардың амандығы үшін өз өмірін қиған болатын. Жерлесіміз Ғазиз Байтасов осылайша антына берік қызметкер екенін танытты. Ол міндетіне адалдық пен көзсіз ерліктің символы болып қала береді.

Ғ.Байтасов ескерткішінің алдында батырды еске алу шарасы атап өтілді. Шара барысында қызмет бабында көз жұмғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып,  ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі болды.