Қарттар күні

Қарттар күні

 

1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай Түймекент ауылдық мәдениет үйінде мерекелік іс шара өтті. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, қазыналы қарттармызға арнап ізгі тілектер айтылып, ақ дастархан жайылды, ән-биден шашу шашылды. Еңбек ардагерлері Тәуірбек Әшімов, Ошаналы Бозай, Жомарт Мұхамбетжанов аталарымызды мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасалды.