МӘСЛИХАТ ТЫНЫСЫ

МӘСЛИХАТ ТЫНЫСЫ

Кезектен тыс сессия отырысы өткізілді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLVІ сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, «2025 – 2027 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №41 – 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады. «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 14-3 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алия Саққұлова есеп берді.
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселе алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады.
Жиын соңында аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданған соң, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.