Бүгін ауданымыздағы мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлері арасында Конституцияның жаңа жобасы мен енгізілген өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті.

Бүгін ауданымыздағы мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлері арасында Конституцияның жаңа жобасы мен енгізілген өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті.

Маңызды жиын «Балдырған» балабақшасының ұжымымен ұйымдастырылды.
Тәрбиешілер мен балабақша қызметкерлері – өскелең ұрпақтың санасына мемлекетшілдік пен құндылықтарды ұялататын негізгі буын. Сондықтан, еліміздің бас құжатына енгізілетін реформаларды осы сала мамандарына түсіндірудің маңызы зор.
Жаңа жобада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалған. Бұл білім беру және тәрбие саласындағы мамандардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды да қамтиды.
Қызметкерлерге Конституция жобасын мұқият зерделеп, шындыққа жанаспайтын арандатушылық ақпараттарға ермей, тек ресми дереккөздерге сүйену қажеттілігі айтылды.
«Балдырған» балабақшасының ұжымы аталған саяси науқанға біркісідей атсалысып, ел болашағы үшін таңдау жасауға дайын екендіктерін білдірді.