ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АҚӘДІЛ СУХАНБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АҚӘДІЛ СУХАНБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жас ұрпаққа ерлік пен еңбекті дәріптейтін шара, жыл сайын осы мерекеге орай дәстүрлі түрде өткізілетін Кеңес Одағының батыры Ақәділ Суханбаевты еске алуға арналған ашық турнир Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткізілген турнирге әр ауылдан келген командалар тіркелген. Ашылу салтанатында округ әкімі А.Мадибаев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Өзенбай сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі. Жеңімпаз командалар диплом, медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.