ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЛДЫ!

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЛДЫ!

Ағымдағы жылы Ұлы Жеңіс күніне 80 жыл толу қарсаңында ауылдық  округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жақаш ауылы А.Суханбаев орта мектебінде салтанатты жиын болып, Кеңес Одағының батыры Ақәділ Суханбаевтың бюстына гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Ауылдық округтің қоғамдастық кеңесінің төрағасы Б.Узенбаев құттықтау сөз сөйлеп, ауыл имамы Н.Турлыбаев батырға арнап құран бағыштады.Соғыс жылдары жас ғұмырын оққа тосып, ерен ерлік көрсеткен батырды 1 минут үнсіздікпен еске алып, мектеп оқушыларының мерекелік концерті қойылды, "Ақәділ маршы" әні орындалды. Округтің мекеме басшыларымен бірге гүл шоқтары қойылды.