Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

✔️Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын

🇮🇱Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки;

🇰🇬Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев;

🇨🇺Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо;

🇱🇧Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд;

🇿🇼Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве;

🇸🇴Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.

✔️Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды.

✔️Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, «Заң және тәртіп» қағидатына негізделгенін айтты.

✔️Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

t.me/aqorda_resmi