РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

25 қазан Ұлттық мереке Республика күніне орай Жақаш ауылдық клубында мерекелік іс-шара өткізілді. Республика күні- баршамыз үшін қастерлі мереке. Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы А.Әбдіманов осы айтулы мерекемен тұрғындарды құттықтап өтті. Еліміздің егемендікке деген ұмтылысының, тәуелсіздігінің жарқын белгісі болған Республика күні маңызды екенін атап өтті. Осы айтулы мерекеге және «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай бірқатар мекемелерде қажырлы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара ары қарай мектеп оқушыларының концертік бағдарламасымен жалғасып, мерекелік көңіл күй сыйланды.