"Биші болғым келеді..." байқауы өтті

"Биші болғым келеді..." байқауы өтті

Жақаш ауылдық клубында "Биші болғым келеді..." атты би байқауы өтті. Байқауға ауылдық округтегі мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың ережесіне сәйкес, қатысушылар 2 би орындады. Қазақтың ұлттық биі міндетті, екіншісі әлем халықтарының биі болды. Әділ қазылар алқасының шешімімен 1 орынды Емберген Әзиза, 2 орынды " Балауса" би тобы, 3 орынды Мейіржан Сәбина иеленді. Қалған қатысушылар "Көрермен көзайымы", "Жас дарын", " Креативті би" номинацияларын алды. Жеңімпаздар және номинация иегерлері бағалы сыйлықтармен және ауылдық округ әкімінің дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.