Қазыналы қарттарға құрмет көрсету- қашаннан халқымыздың бойына асыл дінмен бітеқайнасқан ерекше қасиет. Қарты бар ауылдың- қазынасы бар, өзіндік өнегелік өмір тәжірбиесі бар қарттарға әрдайым лайықты құрмет көрсету кейінгі буынға міндет. Сондай танымдық іс-шара "1 қазан-Халықаралық қарттар күніне" орай, Суханбаев ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен А.Суханбаев орта мектебінде өткізілді. Салтанатты шарада ауылдық округтің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Өзенбай, ауылдық округ әкімі А.Мадибаев сөз сөйлеп, мерекемен құтықтады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген ақсақалдарға алғыс білдірілді. Өнерпаздар мен мектеп оқушылары мерекеге орай қарттарға концерттік бағдарлама қойды. Іс-шараның аяғы мерекелік дастарханмен жалғасты. Қариялар осы іс-шараны ұйымдастырып, жақсы көңіл күй сыйлағанына алғыстарын білдірді.