Бүгін Тараз қаласындағы «Ұлан» стадионында «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында облыстық спартакиада болып өтті. Аталған спартакиадаға қатысқан 20 команда спорттың жеңіл атлетика, гир, ләңгі тебу, секірмек, арқан тарту, жүзу, қол күресі, қазақ күресі түрлерінен өзара сынға түсті.
Айтулы жарыста өнер көрсеткен байзақтық команда арқан тартуда қарсылас шақ келтірмей жүлделі бірінші орынды, жеңіл атлетикадан жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады. Мемлекеттік қызметкерлер командасын жеңістерімен құттықтаймыз. Байзақ, тек қана алға!
Ақпараттық медиа орталығы.