Құрметті ата‑аналар мен жасөспірімдер!
Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтарға жеке куәлік 16жастан бастап рәсімделеді. Жамбыл облысында биыл 9319 жасөспірім бұл мерейтойлық жасқа жетсе, олардың 765‑і — Байзақ ауданының тұрғындары.
Осыған орай, 30–31мамыр күндері Байзақ аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) «Балаларды қорғау күніне» арналған шара өтеді. Іс‑шара барысында 16жасқа толған өрендерге алғашқы жеке куәліктері мен паспорттары салтанатты түрде табыс етіледі.
Барлық ата‑аналар мен жас мереке иелерін құттықтай отырып, құжаттарын дайындап, көрсетілген мерзімде ХҚКО‑ға келулерін сұраймыз.