Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Халықаралық отбасы күніне орай, Жастар ресурстық орталығы мен Отбасын қолдау орталығының бірлесе ұйымдастыруымен А. Суханбаев атындағы орталық саябақта «Мама Фест» іс-шарасы болып өтті. «Ана-отбасының тірегі» неке және отбасылық құндылықты арттыру, жас аналар арасында – олардың аналық рөлге бейімделуіне, дені сау бала тәрбиелеуіне және өз денсаулығын күтуіне қолдау көрсету мақсатында өткізілген шараға ата-аналар мен колледж студенттері қатысты.
Онда уақытша бос жүрген және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психологы Ақмарал Бартбек шараның бағдарламасымен таныстырды. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова «Ана – отбасының тірегі» тақырыбында жас аналармен ой-пікір алмасты.
Колледж студенттеріне аудандық денсаулық сақтау орталығының мамандары жас аналар денсаулығының күтімі туралы кеңес берсе, отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Тахмина Нұрғалиқызы жастарға отбасылар арасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары және заң аясындағы жауапкершілік мәселелері жөнінде түсіндірді.
Шара соңында Отбасын қолдау орталығының психологы Жаңылсын Бейбітова өткізген «Жүрек жылуы» атты тренингі қатысушыларды бір сергітіп алды.