
Ю. Гагарин атындағы орта мектібінде білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Ата Заңға енгізілген өзгерістердің мәні мен маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аудан әкімінің қатысуымен өткен бұл жиында жаңарған Конституцияның мемлекет пен қоғам дамуындағы стратегиялық рөлі жан-жақты сараланды.
Жаңа Конституция жобасының өзегі ретінде білім мен ғылымды, мәдениетті және инновацияларды дамыту мәселесі айқындалды. Жиын барысында бұл бағыттар мемлекеттің тұрақты дамуы мен адами капиталды нығайтудың негізгі тетіктері екені айтылды.
Құжаттағы маңызды жаңалықтардың бірі – цифрландыру бағыты. Тұңғыш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты нақты конституциялық норма бекітілмек. Бұл бастама келесі маңызды мәселелерді шешуге бағытталған.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, жаңа Ата Заң құқықтық мемлекетті нығайтуға және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға жол ашады. Бұл өзгерістер Қазақстанның жаһандық өзгерістерге бейімделіп, бәсекеге қабілетті елге айналуына берік іргетас болмақ.
Жаңа Конституция – бұл тек заңдық құжат емес, бұл әрбір азаматтың ертеңіне деген сенімі мен ел дамуының жаңа бағдары.
Ақпараттық медиа орталығы