Жаңа Конституция: өзгерістер мен жаңашылдықтар

Жаңа Конституция: өзгерістер мен жаңашылдықтар

Бүгін Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясында білім ошағының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Онда Конституциялық комиссияға түскен ұсыныстар мен қоғамдық талқылаулар нәтижесінде Негізгі заңға енгізілетін түзетулердің жинақталған жобасы әзірленгені айтылды.

Жаңа жоба Кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Конституцияға «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізіліп, бірқатар бөлімдердің атауы мен мазмұны заманауи талаптарға сай жаңартылған. Сондай-ақ Конституцияның 77-бабына түзетулер енгізіліп, бұл өзгерістер негізгі мәтіннің 84 пайызын қамтып отыр.

Аталған түзетулер тек редакциялық сипатта емес, құқықтық нақтылықты күшейтуге, қоғам сұранысы мен мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына сай келетін ауқымды конституциялық жаңғыру екені айтылды.

Ақпараттық медиа орталығы