Елді мекендерді газдандыру

Елді мекендерді газдандыру

Байзақ ауданы бойынша 43 елді мекендегі тұрғындар көгілдір отынмен толық қамтамасыз етілген. Осы 43 елді мекендегі 17 371 ауланың 16 929 ауласы бүгінгі күнге көгілдір отынды тұрақты пайдалануда. Газбен қамтамасыз ету деңгейінің арттырылуы өндірістің, ауыл шаруашылығының әрі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына да үлкен серпін береді. Сонымен қатар, бұл жобалар аудан бюджетін нығайтуға және жұмыс орындарын құруға көмектесері анық.