Талқылау үдерісі туралы

Талқылау үдерісі туралы

Конституцияның жаңа редакциясын талқылау және әзірлеу шамамен жарты жыл уақытты алды.

Іс жүзінде талқылау Мемлекет басшысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында парламентті реформалау бастамасын жариялаған кезден басталды.

Осы мақсатта өткен жылдың қазанында парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобы құрылып, ол заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері мен тұрақты айналысты.

Сонымен бірге парламенттік реформаны қоғамдық талқылау тек Жұмыс тобы меншектелген жоқ. Өткен жылдың қазанынан бастап e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» бөлімі арқылы азаматтардан, сарапшылардан және қоғамдық ұйымдардан жүздеген ұсыныс келді.

Бұдан басқа, саясипартиялар мен басқа да қоғамдық ұйымдардан қолданыстағы Конституция ережелерін қайта қарауға байланысты 1600-ден астамұсыныс түсті. Осы негіздеКонституциялық реформа жүргізу және Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылданды.

Мемлекет іске қосқан кері байланыс тетіктері азаматтар тарапынан белсенді қолданылып, Конституциялық реформаға қатысты қоғамның түрлі көзқарастары мен нақты сұраныстары ескеруге мүмкіндік берді.

Жиналған ұсыныстар жеке-дара емес, біртұтас әрі өзара үйлескен жоба ретінде қаралды. Нәтижесінде жаңарту Конституцияның барлық бөлімін – Кіріспеден бастап конституциялық құрылыс негіздері, сот төрелігі, мемлекеттік басқару және азаматтардың қатысу тетіктеріне дейін қамтыды.

Бұл тәсіл бұрын қолданылған жекелеген әрі бытыраңқы түзетулер енгізу тәжірибесінен бас тартып, жаңа Негізгі заңның тұтас әрі логикалық құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.