
Заң түзетулерінің бірінші блогы заңнамалық актілерді "жасанды интеллект туралы"Заңға сәйкес келтіруге бағытталған.
Түзетулердің екінші блогы өзге мәселелер бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Заң Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын регламенттейді. Бұған дейін қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымы "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында ғана рұқсат етілген болатын.
Азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейту мақсатында дербес деректерді өңдеуге Келісімнің қолданылу мерзімі бойынша талап енгізілді. Енді бұл мерзім дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен аспауы тиіс. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін қайтарып алуға құқылы, бұл туралы меншік иесіне, операторға, үшінші тұлғаға хабарлайды.
Ішкі бөлшек сауда субъектілері үшін сәйкестендіру құралдарын оқу арқылы бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алу жөніндегі талаптарды енгізу жолымен тауарларды таңбалау тетігі жетілдірілді.
Бірқатар түзетулер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды күшейтті.