Наурыз мейрамы Ботамойнақ Ауылдық Округінде де кеңінен аталып өтті. Салтанатты шара "Балдәурен" тобының әдемі күйімен басталды. Шара барысында ауыл әкімі Абаханов Ғазиз Тлеубаевич жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтады. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы болған Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер мен молшылық әкелсін – деп ізгі тілегін арнады. Ақ әжелер де Наурыз мерекесіне ақ тілектерін паш етсе, жас өнерпаз әншілер әдемі сыңғырлаған дауыстарымен әуендерін, бишілер сазды - хореографиялық композицияларымен көпшілікті тәнті етіп, өнерлі қыздарымыз құлпыртқан билерімен де думанға айрықша көрік беріп, өз өнерлерін ортаға салды. Ән мен жырға бөлеген өнерпаз жастарымызды ауыл тұрғындары ыстық ықыласпен қабылдады. Сонымен қатар ұлттық спорттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар медаль және дипломмен марапатталды. Шара соңында қариялар ақ баталарын беріп, жиналған көпшілік қауым ұлттық тағамдардан дәм татты.