Жамбыл облысы бойынша «ҚазСуШар» филиалы мамандарының қатысуымен семинар өтті

Жамбыл облысы бойынша «ҚазСуШар» филиалы мамандарының қатысуымен семинар өтті

Бүгін Жамбыл облысы бойынша «ҚазСуШар» филиалы мамандарының ұйымдастыруымен шаруа қожалық жетекшілеріне арналған түсіндіру семинары өтті. Жиын барысында егістікке су алуға байланысты электронды келісімшартқа онлайн тұру тәртібі жан-жақты көрсетіліп, қадамдап түсіндірілді.

Мамандар қатысушыларға жүйеге тіркелу, өтінім беру, құжаттарды рәсімдеу жолдарын практикалық түрде көрсетіп, туындаған сұрақтарға нақты жауап берді. Бұл жаңашылдық су пайдалану үдерісін жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге және ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді.

Жиынға шаруа қожалықтарының жетекшілері белсенді қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Алдағы уақытта да осындай пайдалы кездесулер жалғасады деп жоспарлануда.