Басқарма басшысы жобаларды зерделеді

Басқарма басшысы жобаларды зерделеді

Биыл «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» жөніндегі жол картасы аясында жалпы құны 37,3 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба іске асырылады. Оның ішінде  сүт тауарлы фермалары, құс фабрикалары, көкөніс сақтау қоймалары, бордақылау алаңдары, су үнемдеу технологиялары, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу сияқты жобалар бар.

Осыған байланысты басқарма басшысы Қайрат Көшенов Т.Рысқұлов, Меркі, Шу аудандарына барып, ондағы іске асырылып жатқан жобалардың жай-күйін зерделеді. Жоба жетекшілерімен тілдесіп, жұмыстарды жоспарланған мерзімде аяқтап, жобаларды іске қосу керектігін ескертті.