Ауыл шаруашылығы техникалары 12% жаңарады

Ауыл шаруашылығы техникалары 12% жаңарады

Жалпы аймақта 12 569 дана ауыл шаруашылығы техникалары тіркелген. Оның ішінде  4 570 трактордың 1 мыңнан астамының пайдалану мерзімі он жылдан асқан.

Осыған байланысты биылғы жылы 1508 дана әр түрлі техника алу арқылы, ауыл шаруашылығы техникаларын 12%-ға жаңарту көзделген.

Бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 218 ауыл шаруашылығы техникалары (1 комбайн, 92 трактор, 125 дана басқа техникалар) алынып, жаңару пайызы 1,7% құрап отыр.

Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Яғни, инвестициялық субсидиялау шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған шаруалардың шығындары субсидияланады. Өтеу пайызы 25% құрайды. Ал, еліміздің аумағында өндірілетін отандық техника 5 пайызға артық субсидияланады, ол 30% құрайды.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы техникаларын алған 23 агроқұрылымға 253,6 млн. теңге субсидия төленді.

Техникаларды жаңарту жұмыстары мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.