Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жігітеков Нұрби Рахметханұлы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Нұрби Рахметханұлы 1967 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған.

1992 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын «гидромелиорация жұмыстарын механкаландыру»,  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiн «құқықтану», К.И.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетін «агрономия» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары Жамбыл ауданындағы «Аса» совхозының мал шаруашылығы кешенінің инженер-механигі, Жамбыл аудандық ауыл шаруашылық басқармасының инженер-механигі, бас маманы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы, бас маман-техникалық қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, бастығы, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық  аумақтық инспекциясының басшысы қызметтерін атқарған.

2021 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.