Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Нұржан Мұқашевтың 2022 жылғы 11 мамырдағы №94-Ж/Қ бұйрығымен Момынқұлов Шәкір Мадиярбекұлы басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Шәкір Мадиярбекұлы 1967 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. 1991 Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «Ғалым-агроном» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Жуалы ауданында М.Горький атындағы колхоз мүшесі болып бастаған.
1991-2001 жылдары - М.Горький атындағы колхозда егін бригадирі, тұқым агрономы, бас агроном, «Төле би» атындағы агробірлестікте бас агроном, «Жеті төбе» өндірістік кооперативінде бас агроном, «Барс-ХХІ» ЖШС-де агроном;
2001-2004 жылдары - Шымкент қаласындағы «Хлопковая Компания» ЖШС-де агроном;
2004-2005 жылдары - ОҚО Сайрам ауданындағы «Принир-2004 РК» ЖШС директорының орынбасары;
2005-2006 жылдары - Жуалы ауданы әкімиятының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
2006-2010 жылдары - Жуалы ауданы әкімиятының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
2011-2019 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы;
2019-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін және су шаруашылығы бөлімінің басшысы, егін шаруашылығы бөлімінің басшысы;
2021-2022 жылдары - Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін және су шаруашылығы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.