
2026 жылы қант қызылшасының егіс көлемі 3,3 мың гектарға ұлғайып, жалпы 9,9 мың гектарға жетті. Биыл алқаптардан 450 мың тонна өнім жинау жоспарлануда.
Жиналған қант қызылшасы облыстағы екі негізгі кәсіпорында өңделеді.
Тараз қант зауыты 25 жылдан кейін қайта жаңғыртылып, биылғы маусымнан бастап өндірістік жұмысын қайта бастайды. Кәсіпорынның жылдық өңдеу қуаты 200 мың тонна қант қызылшасын құрайды.
Ал Меркі қант зауыты жылына 250 мың тонна өнім өңдеуге қауқарлы және тұрақты режимде жұмыс істейді.
Осылайша, екі кәсіпорынның жалпы өңдеу қуаты жылына 450 мың тоннаға жетіп, облыста өндірілген қант қызылшасын толық көлемде өңдеуге мүмкіндік береді.