
Бүгін “Әулиеата” ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Рысбаева и К" ЖШС ұжымымен кездесу өткізілді.
Басқосу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен таныстырылып, олардың мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, конституциялық жаңашылдықтардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер ықпалы, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін арттырудағы рөлі төңірегінде пікір алмасу өрбіді. Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын білдіріп, реформалардың маңыздылығын атап өтті.