
Бүгін “Әулиеата” ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Әулиеата ТрансПасс" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Жиын барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа аясында ұсынылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді.
Сондай-ақ, конституциялық жаңашылдықтардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін арттырудағы маңызы туралы кеңінен пікір алмасу өтті.