КОНСТИТУЦИОННЫЕ РЕФОРМЫ

КОНСТИТУЦИОННЫЕ РЕФОРМЫ

🔰 “Әулиеата” ауданының әкімі Барлық Әдепханұлы еңбек ұжымымен кездесті “Әулиеата” ауданының әкімі Барлық Әдепханұлы “Имсталькон” ЖШС-нің ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуі жоспарланған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.

Кездесу барысында аудан әкімі Конституция жобасының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталып, Ата заңның басты идеяларының бірі ретінде білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияны дамыту мәселелері айқындалғанын атап өтті.

Еркін форматта өткен басқосудың соңында Барлық Әдепханұлы мекеменің өндірістік қызметімен танысып, еңбек ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.