КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР

“Әулиеата” ауданының әкімі Барлық Әдепханұлы, мәслихат депутаттары Қуатова Зарина Пердыбековна, Лесбек Азамат Қайратұлы Әулиеата ауданының жастарымен кездесті.

Кездесу барысында елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндірілді.

Атап айтқанда, Ата заңның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жаңашылдықтар, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысты нормаларға тоқталды.

Сонымен қатар, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің ел дамуына, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпалы жөнінде пікір алмасты.