КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР

          Конституциялық реформаны түсіндіру аясында аудан әкімі Барлық Әдепханұлы Қазақ ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университеті қызметкерлерімен кездесті.

         Кездесу барысында енгізіліп жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты түсіндіріліп, олардың ел болашағы үшін стратегиялық маңызы бар қадам екені атап өтілді. Сондай-ақ, кездесуге қалалық мәслихат депутаты Әбденбаев Кемел Түймебекұлы қатысып, Конституция жобасы бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.