Аудан әкімі №1 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі №1 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті

🔰 Барлық Әдепханұлы “Әулиеата” ауданының №1 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті

📍Кездесу барысында округ инспекторы Нышанәлі Болатұлы аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

📍 Тұрғындар жарықтандыру, тазалық және қоғамдық тәртіп мәселелерін көтеріп, жауапты мекеме өкілдерінен нақты жауаптар алды.

📍 Сұрақ-жауап бөлімінде балалар ойын алаңдарының сапасын арттыру, аумақтың келбетін жақсарту, жеке тұрғын үй құрылысы секілді маңызды ұсыныстар айтылды.

📍Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген түйткілдерге қатысты нақты жауаптар берді.