Халық қатысатын бюджет

Халық қатысатын бюджет

🔰Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейтуге және дамытуға арналған өтінім – жобаларды жүзеге асыру бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталды.

🔹Кез келген қала тұрғыны төмендегі жобалар бойынша өз ұсыныстарын Әулиеата ауданының сайтында жарияланған ережеге сәйкес ұсына алады:
- тротуарларды жайғастыру;
- автокөлік тұрақ орындарын үлкейту және азайту;
- бордюрлар мен қырларды ауыстыру және орналастыру;
- тасты жабындарды ауыстыру және қалпына келтіру;
- мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарды орнату;
- ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу;
- жол кедергілерін орналастыру;
- ішкі жолдардың белгілерін орналастыру және белгілеу;
- контейнер алаңшаларын жөндеу және орнату;
- аумақты көгалдандыру;
- ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
- ортақ пайдалану орындарында орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын ), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

🔹Әулиеата ауданы бойынша Жобалық ұсыныстар электрондық түрде Әкімдіктің электрондық https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-aulieata?lang=ru адресіне жіберіледі.

📌Жобалық ұсыныстар мынандай критерийлерге сай болуы тиіс:
- бір өтінім – бір нысан;
- жалпы пайдалану объектісі;
- Тараз қаласы тұрғындары үшін өзекті болуы;
- Мақсаты мен нәтижесінің келісілуі;
- Бір бюджеттік жыл ішінде жүзеге асыру мүмкіндігі.
- Жобалық ұсыныстың жүзеге асырылуы Әкімдік құзіретінің шеңберінде болуы керек.