
21.01.2026 жылы Әулиеата ауданы «Шайқорық» алабында орналасқан Шайқорық орта мектебінде Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімінің орынбасары Медет Сәбитұлы Нұрмаханов пен Тараз қаласы Полиция басқармасы Әулиеата аудандық полиция бөлімінің бастығы Полиция полковнигі Қойкенов Мергенбай Бірлікұлымен бірлесе жергілікті тұрғындар арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қолданыстағы заң нормаларын сақтау және өзекті мәселелерді шешуге қолдау көрсету үшін, сондай-ақ бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі кәмелет жасқа толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша, қолданыстағы заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.