Тараз қаласы «Әулиеата» ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, алдағы уақытта жұмыс барысында келесідегідей ұсынымдар берілді:
Бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында 2026 жылдың соңына дейін бюджет қаражаты уақтылы, сапалы игерілуі қажет. Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізуге жауапты қызметші жұмыстың атқарылуы бойынша мекеме басшысына есебін ай сайын ұсынып отыруы тиіс
Мердігер ұйымдар өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, шартты бұзу жөнінде дереу шаралар қабылдауға және өнім беруші жосықсыз деп тану туралы талап қою жөніндегі шаралар қолдануға, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жөнінде шаралар қолдану. Орындалған жұмыстардың актілеріне олардың нақты орындалған жұмыс көлеміне сәйкестігін тексергеннен кейін қол қоюға және орындалмаған жұмыстар үшін мердігер ұйымдарға бюджет қаражатын аударуды болдырмау.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тұрақты түрде бақылау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет өткеру мәселелері бойынша іс - шаралар өткізу.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексінің талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ Аппарат қызметкерлері арасында «Е–Өтініш» платформасы бойынша өтініштерді қарау мерзімі бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу.
Аппарат қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Әдеп кодексінің» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының талаптарын тұрақты негізде түсіндіру.