109-БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

109-БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

📢 Құрметті тұрғындар!

Алматы облысында «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» жобасы жұмыс істейді.

109 iKomek байланыс орталығының негізгі қызметтері:

  • тұрғындар мен қонақтардың өтініштерін қабылдау;
  • коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру;
  • авариялар мен инциденттердің уақтылы шешілуін бақылау;
  • құқық бұзушылықтарға қатысты хабарламаларды қабылдау және өңдеу.

WhatsApp арқылы мына мәселелер бойынша өтініш қалдыра аласыз:

  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
  • абаттандыру;
  • жолдарды жөндеу;
  • тыныштық режимін бұзу;
  • білім беру;
  • жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;
  • сауда және кәсіпкерлік.

iKomek сіздің өтінішіңізді тиісті мекемелерге жолдап қана қоймай, мәселе толық шешілгенге дейін оның орындалуын бақылауда ұстайды.

Өтініш берген кезде төмендегі мәліметтерді көрсету қажет:

  • аты-жөніңіз;
  • байланыс нөміріңіз;
  • өтініштің мазмұны;
  • оқиғаның күні мен уақыты;
  • нақты мекенжайы;
  • бар болған жағдайда фото немесе бейнематериалдар.

📱 109 iKomek бірыңғай байланыс орталығы WhatsApp-та тәулік бойы жұмыс істейді.

WhatsApp: +7 771 710 9109.