ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жолбермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарымен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.

Осы бағытта Департамент ағымдағы жылы 10-нан астам қызмет алушының бұзылған құқықтарды қалпына келтіргенін атап өткен жөн.

Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Қарағанды қаласы әкімдігінің бұрын билборд конструкцияларына берілген жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас тарту фактісі бойынша Қарағанды қаласының тұрғыны жазбаша шағым түсірді.

Өз кезегінде Департамент шағымды объективті және жан-жақты қарау үшін маңызы бар құжаттарға құқықтық талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы әкімдігі тарапынан іс-әрекеттердің заңсыздығы фактісі анықталды, бұл заңдылықтың бұзылуына әкелді.

Шағымды қарау қорытындысы бойынша Департамент Қарағанды қаласы әкімдігінің атына көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қайта қарау және тиісті шешім шығару жолымен заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы хат жолдады.

Осылайша, Департаменттің көмегімен көрсетілетін қызметті алушы Қарағанды қаласының әкімдігіне қайтадан өтініш берді, осылайша көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, Департамент «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы – азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру жұмыстарын атқаратынын жеткіземіз. Берілген платформа арқылы қызмет алушылар өз шағымдарын қалдыра алады.

Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде ерекше бақылауда.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша Департаменті

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

басқармасының бас маманы
С. Шеримбаеваның мақаласы