ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аудару болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру - бұл жүргізілген тексерудің тиімділігін және анықталған проблемаларға жедел ден қоюды растайтын маңызды қадам.
Мұндай әрекеттер қызмет көрсету жүйесіне деген сенімділікті арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша берілген бас тартумен келіспейтіндігі туралы қызмет алушы шағым білдірді.
Департаментпен жүргізілген бақылау шарасының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізсіз екендігі анықталып, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Бұл өз кезегінде құжаттарды мұқият талдау және әрбір нақты жағдайдың мән-жайларын терең зерттеу арқылы мүмкін болды.
Құрметті қызмет алушы, егер Сіз мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттар талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу, негізсіз бас тарту немесе тағы басқа заң бұзушылықтарға жол берілгеніне куә болсаңыз, Департаментке келесі мекенжай бойынша жүгіну арқылы бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіре аласыз.
Біздің мекенжай: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері: 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша Департаменті
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы