Зайсан аудандық мәслихатының кезекті сессиясы 2026 жылғы 29 маусым күні сағат 11:30-да өткізіледі. Тұрақты комиссиялар отырысы сол күні сағат 09:00-де өтеді.
Күн тәртібі:
- Зайсан ауданының ішкі саясат бөлімінің жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру және жүргізу қызметін талдау бойынша ақпараты.
- Зайсан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары туралы.
- Халыққа мал дәрігерлік қызмет көрсетуде атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
- Кеңсай ауылдық округі әкімінің атқарған жұмысы туралы есебі.
- Халықты әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамтуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
- Әр түрлі мәселелер.
Өтетін орны: Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі №54, Зайсан ауданы әкімдігінің ғимараты. 2 қабат, мәжіліс залы.
Аудандық мәслихат төрағасы Е.Зағыпаров