Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы!

Аудандық мәслихат депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы!

Зайсан аудандық мәслихатының кезекті

сесссиясы 2026 жылғы 18  наурыз  күні 

сағат  11:30- да    өткізіледі.

Тұрақты комиссиялар отырысы

сол күні сағат  9:00-де  өтеді.                                         

  Күн тәртібі:                                

1.2025 жылға арналған Зайсан ауданының бюджетінің

атқарылуы туралы есепті бекіту туралы.                                                                                   

2.2025 жылға арналған Зайсан ауданының Зайсан қаласы  және ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін бекіту туралы.                                                                                                               

3.Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және

ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»

Заңының 7-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес,  агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша аудандық  жер қатынастары, кәсіпкерлік және  ауыл шаруашылығы бөлімдері басшыларының атқарып жатқан жұмыстары туралы.                         

4.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы туралы есебі.

5.Зайсан ауданы әкімдігінің аудан аумағында  төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы.           

6.Зайсан аудандық  кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің   әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмысының жай-күйі, проблемалары, себептері мен шешу жолдары туралы. Зайсан ауданының  азық-түлік белдеуін дамыту.         

7.Әр түрлі мәселелер.

Өтетін орны: Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі №54, Зайсан ауданы  әкімдігінің ғимараты. 2-қабат, мәжіліс залы. 

Аудандық мәслихат төрағасы        Е.Зағыпаров