Зайсан аудандық мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамы мүшелерінің бос орындарына кандидатураларды ұсыну жөніндегі хабарландыруы

Зайсан аудандық мәслихатының округтік  және учаскелік сайлау комиссиялары құрамы мүшелерінің бос орындарына кандидатураларды ұсыну жөніндегі хабарландыруы

     Зайсан аудандық мәслихаты   «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық  Заңының                          10  бабын басшылыққа ала отырып, округтік  және учаскелік сайлау комиссиялары құрамы мүшелерінің төмендегі бос орындарына кандидатуралар ұсынылатынын  хабарлайды:

 

Сайлау комиссиясының нөмірі, атауы, орналасқан елді-мекені

Мүшелікке бос орын саны

1

№8 –округтік сайлау комиссиясы

1

2

№12 –округтік сайлау комиссиясы

 

3

 №603-учаскелік сайлау комиссиясы

Біржан ауылы,Амангелді көшесі № 23.

 

1

4

№608-учаскелік сайлау комиссиясы

Жаңатұрмыс ауылы, 1-Шартты көшесі,№7.

 

 

 

1

5

№616-учаскелік сайлау комиссиясы

Дауал ауылы, 1-Шартты көшесі,№9/1.

 

 

 

1

6

№625-учаскелік сайлау комиссиясы

Зайсан қаласы,Бауыржан Момышұлы,№ 1

 

 

 

2

7

№1185- учаскелік сайлау комиссиясы

Зайсан қаласы, Шаймардан көшесі, № 14 үй.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  1995 жылғы 28 қыркүйектегі  Конституциялық Заңының                                 10-бабына сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті  мәслихат сайлайды.

     Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

      Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау  мерзiмiне дейiн он бес күннен кем болмауға тиiс мерзiмде саяси  партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

       Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтерді;

2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

      Сайлау комиссиясының мүшесi Зайсан ауданының аумағында тұруға тиiс.

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы  Заңының 23-бабы                               3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

     Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңының 20-бабына сәйкес сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

        Мәслихатқа қағаз нысанында ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс және орындалған күні, орындаушы туралы белгі тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетіліп ұсынылуы тиіс.

         Ұсыныстарды қабылдау  және қажетті құжаттар туралы қосымша ақпарат алу 2026  жылдың  30 қаңтардан   2026 жылдың   14 ақпаны  аралығына аптаның  жұмыс күндері дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 08:00-дан бастап 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.                                                                          Түскі үзіліс 12:00-дан 13:30-ға дейін.

Құжаттар төмендегі мекен-жайға тапсырылады:

Зайсан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, №54, «Зайсан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.

    қызметтік телефон нөмірі 26-764,       электрондық пошта мекенжайы:                      zagiparov.maslihatzauzaysan11@list.ru     

   Зайсан аудандық мәслихатының   төрағасы          Е.Зағыпаров 

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну туралы мәліметтердің нысандарының, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштерінің үлгі түрлері төменде  орналастырылған.

Формы

Формы