
Сайлаушылардың талап - тілектеріне құлақ асу, ұсыныс - пікірлерін тыңдау Зайсан аудандық мәслихат депутаттарының негізгі жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. 2025 жылғы 4 қараша күні Зайсан аудандық мәслихатының сегізінші шақырылым депутаттары №4 сайлау округі бойынша- Сұмағұлов Асхат Тоқтарханұлы, №6 сайлау округі бойынша-Самарханов Берік Кеңесбекұлы Зайсан аудандық әкімдігініңкіші мәжіліс залында сайлаушыларға қабылдау өткізді.
Депутаттардың қабылдауына келген сайлаушылар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келгендердің дені өз округтеріндегі жол,жарық,газ,көп қабаттты үйлердегі кондоминиум мәселелері сынды сұрақтармен жүгінді. Қабылдау барысында депутатттар әрбір сайлаушының жеке мәселесін тыңдап, тиісті мекемелер басшыларына мәселелерді шешу үшін тиісті сауалдарын жолдайтындықтарын,басқа сұрақтарға тікелей заңдылыққа сәйкес жауап берді.