Құрметті Зайсан ауданының тұрғындары! Сіздерге «Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Зайсан аудандық мәслихатының шешім жобасын ұсынамыз.

Құрметті Зайсан ауданының тұрғындары! Сіздерге «Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Зайсан аудандық мәслихатының шешім жобасын ұсынамыз.

Зайсан аудандық мәслихатының

кейбір шешімдерінің күші

жойылды деп тану туралы

 шешім жобасы

 

 

            Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» №187 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 мамырда №36186 болып тіркелді) сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:                              1. Күші жойылды деп танылсын:                                                                     1) «Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы №24/9-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9045-16 болып тіркелген);         2) «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы              №24/9-VIII «Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 32/18-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9161-16 болып тіркелген). 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Зайсан аудандық

мәслихатының төрағасы                                                              Е.Загипаров