Зайсан аудандық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен есеп беру жиыны

Зайсан аудандық мәслихат депутаттарының сайлаушылармен есеп беру  жиыны

2025 жылғы  25 маусым күні Зайсан аудандық мәдениет үйінде               сағат 10-00 де    №1,3,4,5,6  сайлау округтерінен сайланған Зайсан  аудандық мәслихатының сегізінші шақырылым депутаттары Қиямазанов Айдос Тілеубекұлының, Успанов Кенжебек Кеңесханұлының,  Самарқанов Берік Кеңеспекұлының  сайлаушылармен  есеп беру кездесу жиыны өттті.Жиында депутаттар Зайссан аудандық мәслихатының  жұмысы жөнінде, сайлау округтері бойынша атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан жалпы Зайсан қаласы бойынша жол,бақша суы  Зайсан қаласы Заречный мөлтекауданеындағы тұрғын үйлерге жарық тарту , өз күштерімен  тұрғын үй салып жатқан  тұрғындардан үйлерін заңдастыруға байланысты мәселелер көтерілді.Депутаттар тарапынан жауаптар беріліп, айтылған мәселелер бойынша орындалуына байланысты жазбаша жауаптар берілетін болды.                   Есеп беру кездесу жиынын аудандық мәслихат төрағасы Е.С.Зағыпаров қорытындылады.