Ата-аналар назарына: 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау мен қорытынды аттестацияны өткізу ережелері

Ата-аналар назарына: 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау мен қорытынды аттестацияны өткізу ережелері

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі 2024–2025 оқу жылындағы «Соңғы қоңырау» және қорытынды аттестаттау кезеңінде келесі маңызды ережелерді назарларыңызға салады:

‼️ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: ❌ Бітіруші 4 және 9–11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
❌ Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
❌ Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру;
❌ Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті заттар үшін қаражат жинау;
❌ Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық, мейрамхана, саябаққа баруы;
❌ Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру.

🎯 Мақсаты:
Аталған шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау үшін енгізіліп отыр.

⚠️ Маңызды:
«Соңғы қоңырау» іс-шарасы кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, тек бір ата-ана немесе заңды өкілдің қатысуы талап етіледі. Бұл — кешенді қауіпсіздік шарасының бір бөлігі.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауларыңызды сұраймыз.

Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі